Қазақстан туралы

Қазақстан Еуразия құрлығының нақ ортасында орналасқан, бұл елімізге Еуропа мен Азия, Ресей мен Қытай араларында транзит ретінде қатысуға үлкен мүмкіндіктер береді.

Қазақстан территориясының аумағы (2,727,300 ш.м) бойынша әлемде тоғызыншы орынға ие. Мемлекет Ресеймен, Қытаймен, Қырғыстанмен,Өзбекстанмен, Түркменстанмен шектеседі, сонымен қатар Каспий теңізінің үлкен бөлігі Қазақстан территориясымен ұласады. Қазақстанның жер бедерін жазықтар, далалар, тайга, тау шатқалдары, белестер,өзен атыраулары, қарлы таулар мен шөлдер алып жатыр.

Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен жер үсті көлік байланысының шүбәсіз мүмкіндіктерін ұсынады.

Қазақстан Республикасымен ұсынылатын «Жібек жолы» жобасы Қазақстанмен Еуропа және Азия елдерінің бірігуіне ықпал етеді. Бұл тек қана көлік және логистикалық инфрақұрылымның дамуына ғана емес, сонымен қатар «Жаңа Жібек Жолы» көмегімен тиімді өзара саудада бизнес мүмкіндіктеріне жол ашуда маңызды рөл атқарады.

«Жаңа жібек жолы» жобасы шеңберінде Қазақстан өзінің Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзитті түйіннің тарихи рөлін қайта жаңғыртуда. Халықаралық транзит орталықтар Қазақстанның негізгі көлік дәлізін құрайды, бұл бастапқы мақсатты - 2020 жылға 50 миллион тоннаға арттыруға көмектеседі.

Бүгінгі таңда «Жаңа жібек жолы» территориясында 3 миллиард адам тұрады, бұл маңызды логистикалық және көлік әлеуетімен аймақтық нарық ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтарға жазылу